Тренинг бағдарламасына сәйкес, АҚШ мамандары Қазақстанның ядролық физика мамандарына берілген құрал-жабдықтардың көмегімен қараусыз қалған радиоактивтік сәуле көздерін тауып сақтауға бағытталған тәжірибелік сабақтар өткізеді.
Еліміздегі ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «МАЭК-Қазақстан» ЖШС, Үлбі металлургиялық зауыты сынды еліміздегі 5 ірі кәсіпорындар мен институттарда қызмет атқаратын 25 адамға АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқармасы, АҚШ-тағы Сандий ұлттық зертханасы мен Австралияның «Канберра» компаниясының мамандары дәріс оқиды.
Тренинг 20-мамырда аяқталады. Одан кейін жабдықтар радиоактивті көздермен жұмыс істейтін еліміздің кәсіпорындарына ақысыз таратып беріледі.