«Бұл ұйым Ташкенттегі Израиль және АҚШ елшіліктеріне қарсы лаңкестік әрекеттер мен Өзбекстан Бас прокуратурасының ғимаратындағы жарылыстарды жоспарлап жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік жүктейді»,- деді Р.Баучер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Ислам жихады» тобы Орталық Азия аймағына танымал «Өзбекстанның ислам қозғалысы» ұйымынан бөлініп шыққан. Ал соңғысы Ауғанстандағы тәлібтер режимімен тығыз байланыста болғаны белгілі.
Лаңкестік іс-әрекеттерді қаржыландырумен күрес шараларының аясында АҚШ-тың қазынашылық мекемесі қазіргі жағдаймен 400-дей ұйымдар мен жеке тұлғаларды «қара тізімге» енгізіп отыр. Ал АҚШ мемлекеттік департаментінде шетелдік лаңкестік топтардың жеке тізімі бар, оған 40-тай ұйым қамтылған.