Жарияланды: 500

АҚШ Мемлекеттік хатшсының көмекшісі Орталық Азия елдеріндегі алғашқы іс-сапарын өткізуде

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Уильям Браунфильд 29 маусымда Орталық Азия елдеріндегі алғашқы іс-сапарын Тәжікстанда жалғастырады.

Бұл жайында бүгін Алматыда Орталық Азиядағы аймақтық заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығында (САRICC) өткен баспасөз мәслихатында айтылды. «Орталық Азия аймағындағы 5 күндік бұл сапардың бүгін екінші күні өтіп жатыр. Кеше Қырғыз Республикасының Үкімет басшысы мен Ішкі істер министрімен кездестім. Бүгін Қазақстанның Шекара күзеті академиясында және Орталық Азиядағы аймақтық заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығында (САRICC) болдым», - дейді Уильям Браунфильд. Оның айтуынша, іс-сапарын ертең Тәжікстанда жалғастырып, оны жұма күні Мәскеуде аяқтамақ. Одан кейін Вашингтонға қайтпақ. Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресейдегі есірткіге қарсы күрес мекемелерінің басшыларымен болған келіссіздер сәтті өтсе, оның қорытындысы бойынша нақты ұсыныстармен алдағы уақытта аймаққа қайта оралмақ. Мақсат - Орталық Азия елдерінде жаңадан тергеу бөлімдерін құрып, олармен заңсыз есірткі айналымына қарсы операцияларды бірлесіп өткізу.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін