АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі сапармен Қазақстанға келеді

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі сапармен Қазақстанға келеді

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Уильям Браунфилд 28 -маусымда сапармен Алматыға келеді.

  • 27 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы дүйсенбіде Қазақстандағы АҚШ елшілігінен таралған хабарламада атап өтілген.

Сапар барысында У.Браунфилд Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық академиясында және Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталығында (ЦАРИКС) болады, деп атап өтілген хабарламада.
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Орталық Азия арқылы Ауғанстаннан есірткінің әкелінуіне тосқауыл қою жөніндегі жаңа бастамамен таныспақ және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ұйымдардың аймақтық ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтпек.
Сонымен қатар У.Браунфилд Қырғызстан, Тәжікстан, Ресейге бармақ, онда да сол елдердің ресми тұлғаларымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерін талқыламақ, деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар