Мейманның Мәскеу сапары барысында лаңкестікпен күрес жөніндегі АҚШ-Ресей жұмыс тобының кездесуі жоспарланған. Кездесуге қатысушылар лаңкестікке қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасып, лаңкестікке қарсы күрес саласындағы өзіндік ерекшелікке ие ынтымақтастық түрлері туралы талқылайды. Р.Армитаж сондай-ақ Ресей үкіметінің мүшелерімен кездесулер өткізеді.
Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстан министрлер кабинетінің мүшелерімен және бейресми ұйымдардың жетекшілерімен жүздеседі. Кездесулер барысында «саяси, экономикалық, энергетикалық және инвестициялық мәселелер талқыға салынады».