АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға жасайтын сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға жасайтын сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді

АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға жасайтын сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді

АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға жасайтын сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қазан 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, К.Райс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен 13-қазанда кездеседі.

Сол күні ол Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте жұртшылық алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев пен Кондолиза Райстың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Азия елдеріне жасайтын ауқымды сапарының барысында Қазақстанға келмекші. Ол бүгін кешке Астанаға келеді. Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, Пәкістандағы жер сілкінісіне байланысты К.Райстың сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік хатшы жолай осы елге де хабарласып қайтпақшы.

Перейти к новостям спорта