АҚШ Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Әзербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі - АҚШ вице-президенті көмекшісінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Әзербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі - АҚШ вице-президенті көмекшісінің орынбасары

АҚШ Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Әзербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі - АҚШ вице-президенті көмекшісінің орынбасары

БАКУ. 31-мамыр. Kazakhstan Today. АҚШ Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Әзербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі. Бұл туралы АҚШ вице-президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Джозеф Вуд бүгін Бакуде Әзербайжанның өнеркәсіп және экономика министрі Натик Әлиевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2007
  • 376
Фото - Caravan.kz

Кездесуде тараптар негізінен Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

«Ресми Вашингтон Орталық Азияның көмірсутегі ресурстарын Әзербайжан арқылы Еуропаға транзитті тасымалдаудан мүдделі және бұл саясатты келешекте де жалғастыра береді. Бұл мәселе бойынша АҚШ Қазақстанмен және Түрікменстанмен белсенді келіссөздер жүргізуде»,- деді Д.Вуд.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті