АҚШ пен Сауд Арабиясы мұнайдың әлемдік бағасын түсіру жоспарын құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ пен Сауд Арабиясы мұнайдың әлемдік бағасын түсіру жоспарын құруда

АҚШ пен Сауд Арабиясы мұнайдың әлемдік бағасын түсіру жоспарын құруда

АҚШ пен Сауд Арабиясы жуырда өткен Венадағы ОПЕК-тің кезекті сессиясында мұнайдың әлемдік бағасын төмендету мәселелерін талқылады.

  • 16 Маусым 2011
  • 380
Фото - Caravan.kz

Олар бұған Эр-Риядта өндірілетін ауыр қоспалы мұнайды АҚШ стратегиялық қорындағы жеңіл мұнайға алмастыру арқылы қол жеткізбек, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Бұл мәселе төңірегіндегі келіссөздер Нью- Йорк биржасындағы мұнай баррелі 120 долларға жеткен кезден басталған болатын. Мұнай бағасын төмендету жолдарын іздестіру мақсатында Вашингтон мен Эр-Рияд осы мәселеге сәйкес кеңесу шараларын өткізді», — деп хабарлайды іскерлер ортасы. Нақты шара ретінде Американың стратегиялық қорларындағы жоғары сапалы жеңіл мұнайды Сауд Арабиясының бірқатар кен орындарында өндіріліп жатқан құрамында күкірті көп мұнай түріне ауыстыру шешіміне келді.

Алайда, агенттіктің хабарлауынша, келісім жүзеге аспай қалды, себебі АҚШ Сауд Арабиясының шикізатына үлкен жеңілдік талап еткен.

Соңғы жаңалықтар