Олар бұған Эр-Риядта өндірілетін ауыр қоспалы мұнайды АҚШ стратегиялық қорындағы жеңіл мұнайға алмастыру арқылы қол жеткізбек, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Бұл мәселе төңірегіндегі келіссөздер Нью- Йорк биржасындағы мұнай баррелі 120 долларға жеткен кезден басталған болатын. Мұнай бағасын төмендету жолдарын іздестіру мақсатында Вашингтон мен Эр-Рияд осы мәселеге сәйкес кеңесу шараларын өткізді», — деп хабарлайды іскерлер ортасы. Нақты шара ретінде Американың стратегиялық қорларындағы жоғары сапалы жеңіл мұнайды Сауд Арабиясының бірқатар кен орындарында өндіріліп жатқан құрамында күкірті көп мұнай түріне ауыстыру шешіміне келді.
Алайда, агенттіктің хабарлауынша, келісім жүзеге аспай қалды, себебі АҚШ Сауд Арабиясының шикізатына үлкен жеңілдік талап еткен.