АҚШ президенті өз жеделхатында: «бұл қаза маған екі ел арасындағы әріптестікті Сізбен және Қазақстан халқымен бірлесе отырып нығайта түсу қажет екенін меңзейді»,- деп атап көрсетті. Дж.Буш Қазақстанның инженерлік-саперлік тобының жауынгерлеріне батыл қимылдары үшін ризашылық білдірді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның дербес бітімгерлік батальоны «Қазбаттың» инженерлік-саперлік жеке отрядының капитаны Қайрат Құдабаев 2005-жылдың 9-қаңтарында Ирактың Васит провинциясында оқ-дәрілерді түсіру барысында болған жарылыстан қаза тапқан.