АҚШ президенті осы елде құжатсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерге уақытша заңды мәртебе беруді көздейтін жаңа бағдарламаны Конгресске ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ президенті осы елде құжатсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерге уақытша заңды мәртебе беруді көздейтін жаңа бағдарламаны Конгресске ұсынды

АҚШ президенті осы елде құжатсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерге уақытша заңды мәртебе беруді көздейтін жаңа бағдарламаны Конгресске ұсынды

АҚШ президенті Джордж Буш осы елде құжатсыз жұмыс істеп жүрген және АҚШ-та жұмысқа орналасу туралы ұсынысқа ие болған шетелдіктерге үш жыл жариялы жұмыс істеуге, ол атқарған жұмыспен айналысуға құлшыныс танытқан американ азаматтары табылмаған жағдайда заңды мәртебе берілетін мерзімді ұзартуға мүмкіндік тудыруды көздейтін жаңа бағдарламаны Конгресске ұсынды.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 764
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар Бюросының хабарламасынан мәлім болды.

«Иммиграцияны бағалайтын әрі иммиграцияға бағынышты ел ретінде бізге нақты жұмыс істейтін әрі өзіміз мақтан тұта алатындай иммиграциялық заңдар қажет. Ал қазір бізде осындай заңдар болмай тұр»,- деді Ақ үйде сөз сөйлеген Джордж Буш.
Дж.Буштың айтуынша, қазір «көптеген жұмыс берушілер заңсыз еңбек нарығына ден қоя бастады. Бірыңғай бейресми экономика ахуалында миллиондаған еңбексүйгіш еркектер мен әйелдер ешбір қорғансыз қорқыныш жағдайында еңбек етуге мәжбүр. Еліміздің шекарасы арқылы заңсыз өту елдің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл міндеттің шешімін қиындатып отыр. Жүйе мүлдем жұмыс
істемей тұр».
АҚШ президентінің айтуынша, «реформа ең бірінші кезекте ең негізгі өмірлік маңызы бар экономикалық деректі ұғынудан, атап айтсақ, барған сайын өсе түскен АҚШ экономикасында құрылып жатқан жұмыс орындарының кейбір бөлігін американдық азаматтар иемденуге құлықсыз дегенді түсінуден басталуы шарт. Ал осындай жұмыс орындары еңбек етіп, күйеу немесе әйелдік, ұл мен қыздық парызын өтеуді қалаған шетелдік жұмыскерлер үшін үлкен мүмкіндік болмақ».
Дж.Буш ұсынған бағдарламаны Конгресс бекіткен жағдайда «АҚШ-та еңбек етіп жүрген миллиондаған адамға уақытша жұмыс істеуші деген жариялы мәртебе берілумен бірге аталмыш бағдарламаға атсалысуға құлық білдірген шетелдік азаматтарға осы елдегі жұмысқа шақыру алуға мүмкіндік туады». Қазір АҚШ-та шамамен 8 млн. адам құжатсыз жұмыс істейді деген дерек бар.
«Миллиондаған адам жасырын жүрген қазіргі жағдаймен салыстырғанда, егер бағдарлама қабылданса, елімізге келетін адамдарды дұрыс есепке алуды жолға қоя аламыз. Сонда ғана құқық қорғау мекемелері құжатсыз адамдарға қатысты бас қатыруды доғарып, қылмыскерлер мен лаңкестер тарапынан елімізге төнетін шынайы қауіп-қатерге назар аудара алар еді»,- деді Дж.Буш.

Соңғы жаңалықтар