АҚШ президенті Қазақстанның Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ президенті Қазақстанның  Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесін  атап өтті

АҚШ президенті Қазақстанның Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесін атап өтті

19-наурызда Ирак соғысының басталуына 1 жыл толуына орай Ақ үйде сөз сөйлеген АҚШ президенті Джордж Буш Қазақстанның аталмыш елдегі ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесін атап өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Наурыз 2004
  • 425
Фото - Caravan.kz

АҚШ әкімшілігі, Конгресс және БАҚ, сондай-ақ, лаңкестікке қарсы күрес одағына біріккен 84 елдің дипломатиялық қызметтерінің жетекшілері алдында сөз сөйлеген Дж.Буш лаңкестіктің тек АҚШ-қа ғана емес, сонымен бірге бүкіл өркениетті әлемге қатер төндіретінін атап өтті. Ол халықаралық қауымдастықты ғаламды жаппай жайлап бара жатқан терроризммен күресте күш біріктіруге шақырды. Бұл күрес тек Ауғанстан мен Ирактағы операциялармен шектелуі тиіс емес, сонымен бірге, ол халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қару-жарақты таралуына бүкіл әлем болып қарсы тұруға бағытталуы тиіс деді Дж.Буш.

Ұлыбритания, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Сальвадор , Македония және Түркия сынды елдердің Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесін атап өткен Дж.Буш осы орайда ортақ іске Қазақстанның қосқан үлесін бөле-жара атады.
Басқа елдермен бірге лаңкестікке қарсы одаққа біріккен Қазақстан туының фонында тұрып АҚШ президенті: «Қазақстандық әскери инженерлер Иракта жарты миллионнан астам жарылғыш заттарды жойды»,- деп мәлімдеді.
Сол күні АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарияланған мақаласында да Ирактағы соғыс қимылдарының басталуына Саддам Хусейннің Қазақстаннан үлгі алып, қару-жарақтан өз еркімен бас тартпауы басты себепкер болды деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар