АҚШ президентінің сайлауында Барак Обама жеңіске жетті
Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ президентінің сайлауында Барак Обама жеңіске жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап. |
CNN телеарнасы жария еткен алдын-ала мәліметке сәйкес, сенатор Б. Обама 297 сайлаушының дауысын, ал сенатор Джон Маккейн - 145 сайлаушының дауысын жинады.
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет, баспасөз және білім беру бөлімінің жетекшісі Виктория Слоунның журналистерге берген сұхбатында мәлімдегеніндей, "қазіргі жағдаймен кімнің кім үшін дауыс бергені жөнінде келіп түскен ақпараттар мен сандар Барак Обама жеңді деп айтуға жеткілікті".
"Дауыс санау қорытындысы бойынша қазір ол 297 сайлаушының дауысын жинады, ал президент болу үшін 270 дауыс жинаса жетеді", -деді ол дауыс беру қорытындысына берген түсініктемесінде.
АҚШ елшілігі өкілінің айтуынша, ресми мәліметтер "не бүгін жайырақ, немесе ертең" жария етіледі.
Ал батыс телеарналарынң тікелей эфирінде АҚШ президенттігінен үміткер Д. Маккейн өзінің қарсыласын жеңісімен құттықтап үлгергенін мәлімдеді. "Мен оны жеңісімен құттықтау үшін телефон соқтым", - деді Д. Маккейн CNN телеарнасының тікелей эфирінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін