АҚШ президентінің сайлауында Барак Обама жеңіске жетті (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ президентінің сайлауында Барак Обама жеңіске жетті (толықтырылған нұсқасы)

АҚШ президентінің сайлауында Барак Обама жеңіске жетті (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ президентінің сайлауында Барак Обама жеңіске жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 646
Фото - Caravan.kz

CNN телеарнасы жария еткен алдын-ала мәліметке сәйкес, сенатор Б. Обама 297 сайлаушының дауысын, ал сенатор Джон Маккейн — 145 сайлаушының дауысын жинады.

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет, баспасөз және білім беру бөлімінің жетекшісі Виктория Слоунның журналистерге берген сұхбатында мәлімдегеніндей, «қазіргі жағдаймен кімнің кім үшін дауыс бергені жөнінде келіп түскен ақпараттар мен сандар Барак Обама жеңді деп айтуға жеткілікті».

«Дауыс санау қорытындысы бойынша қазір ол 297 сайлаушының дауысын жинады, ал президент болу үшін 270 дауыс жинаса жетеді», -деді ол дауыс беру қорытындысына берген түсініктемесінде.

«Бұл ақпарат дауыс беріп шығып, кімге дауыс бергенін айтқан адамдардан алынған. Биыл дауыс санаумен айналысып жатқан адамдар 2000 жылғы қателікті қайталамау үшін мұқияттық танытуда. Яғни, биыл қателік шығу мүмкіндігі мейлінше азайтылған. Аздаған ауытқушылықтар күрес аса қызу болып, сандар жақын шыққанда байқалады. Ал қазір айырмашылық аса үлкен, сол себепті қандайбір қателікті күту қиын», — деді В. Слоун.

АҚШ елшілігі өкілінің айтуынша, ресми мәліметтер «не бүгін кешке таман, немесе ертең» жария етіледі.

Ал батыс телеарналарынң тікелей эфирінде АҚШ президенттігінен үміткер Д. Маккейн өзінің қарсыласын жеңісімен құттықтап үлгергенін мәлімдеді. «Мен оны жеңісімен құттықтау үшін телефон соқтым», — деді Д. Маккейн CNN телеарнасының тікелей эфирінде.

Батыс телеарналарының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 10.55-те Б. Обама үшін 338, Д. Маккейн үшін 155 сайлаушы дауыс берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар