АҚШ Қазақстан мен Ыстықкөл жағалауы арасындағы әуе байланысының дамуына көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстан мен Ыстықкөл жағалауы арасындағы әуе байланысының дамуына көмектеседі

АҚШ Қазақстан мен Ыстықкөл жағалауы арасындағы әуе байланысының дамуына көмектеседі

Бүгін бірінші рет «Алматы-Тамшы-Алматы» бағытымен Қазақстанның «Скат» әуе компаниясының алғашқы коммерциялық рейсі ұшты.

  • 1 Шiлде 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz

Қырғызстандағы АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жобаға «Муза» (Қырғызстан) және «Компас» (Қазақстан) туристік операторларымен орнатылған әріптестік аясында USAID жергілікті дамыту жөніндегі американдық бағдарлама қолдау білдірген. Құрама Штаттар «Алматы-Тамшы-Алматы» бағыты бойынша бірінші коммерциялық әуе рейсінің ұшырылуына көмектесті, — делінген Елшіліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Жергілікті дамыту жөніндегі USAID бағдарламасы Ыстықкөл жағасында демалғысы келетін Қазақстан туристері үшін тұрақты әуе рейстерін бастады. Бағдарлама Ыстықкөлге барынша көп турист тартып, сол арқылы аймақтың экономикалық дамуын арттыруға бағаттылған», — делінген таратылған ақпаратта.

Кесте бойынша рейс аптасыне екі рет, бейсенбі және дүйсенбі күндері ұшады. Екі жаққа барып қайту билетінің құны $225 құрайды.

Соңғы жаңалықтар