АҚШ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап отыр

АҚШ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап отыр

АСТАНА. 28 ақпан. Kazakhstan Today. АҚШ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап отыр. Бұл туралы кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін өткен брифингте АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Ричард Баучер мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 28 Ақпан 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстандағы саяси реформалар жөнінде әңгімелестік. Мен президентке АҚШ-тың саяси реформаларды жүзеге асыруға бағытталған қадамдарыңызды құптайтынын жеткіздім»,-деді Р.Баучер. «Сонымен қатар біз Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін бұл елдің экономика аясында да жұмыс жасағымыз келеді»,-деді ол.

Кездесу барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің ынтымақтастығымыз және аймақтық тұрақтылық, сонымен қатар,

есірткімен күрес, тероризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық, сауда саясатына қатысты мәселелер, элект қуаты саласына қатысты мәселелерді талқыладық»,-деді Р.Баучер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті