деп мәлімдеді дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу қорытындысы бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Мемлекеттік хатшы Керри Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайтынын жеткізді», — деп мәлімдеді журналистерге мемлекеттік департаменттің өкілі.
Керри мен Ыдырысов өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп түйіндеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі. Кездесу БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өтті.