АҚШ ҚР әділет министрлігіне қызметкерлерді есірткіні анықтау әдістемесіне баулитын құрал-жабдықтарды табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ ҚР әділет министрлігіне  қызметкерлерді есірткіні анықтау әдістемесіне баулитын құрал-жабдықтарды табыс етті

АҚШ ҚР әділет министрлігіне қызметкерлерді есірткіні анықтау әдістемесіне баулитын құрал-жабдықтарды табыс етті

Бүгін, 12-мамырда Алматыда ҚР әділет министрлігі мен ІІМ-іне қызметкерлерді есірткіні анықтау және оларды бір-бірінен ажырата білу әдістемесіне баулитын компьютерлік орталыққа арналған құрал-жабдықтарды табыс ету рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Мамыр 2005
  • 396
Фото - Caravan.kz

Жабдықтарды АҚШ мемлекеттік департаменті құқық қорғау саласындағы есірткімен күрес бағдарламасы аясында беріп отыр. Жабдықтардың жалпы құны 40 мың АҚШ долларына тең. Атап айтсақ, компьютерлер, принтерлер, проекторлар мен сандық бейнекамералар табыс етілді.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвейдің айтуынша, бұл бағдарлама Қазақстандағы құқық қорғау мекемелерінің есірткімен күрес саласындағы әлеуетін арттыруға түрткі болу мақсатында АҚШ тарапынан жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Жобаға ҚР әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ҚР ҰҚК -нің Шекара қызметі атсалысуда. АҚШ үкіметі аталмыш бағдарлама аясында Қазақстанға көмек көрсетуді одан әрі жалғастыра бермек, деді Дж.Ордвей. «Алдағы екі-үш жылда Қазақстанға 6 млн. доллар көлемінде түрлі көмектер көрсетіледі»,- деді елші.

Перейти к новостям спорта