Таратылған құжатта атап көрсетілгеніндей, бүгін, 23-маусымда 17-маусымдағы секілді рұқсатсыз акцияның өткізілу мүмкіндігі туралы АҚШ елшілігіне Қырғызстан ішкі істер министрлігі хабарлаған.
Осыған байланысты елшілік Қырғызстандағы АҚШ азаматтарына Қырғызстанның үкімет үйінің маңайынан алысырақ жүруге кеңес беруде. Сонымен бірге АҚШ азаматтарына кез-келген жалпыхалықтық бейбіт шараларға қатыспауға шақырды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-маусымда Урматбек Барыктабасовты Қырғызстан мемлекет басшысы лауазымынан үміткер ретінде тіркеуді талап еткен көп адам Үкімет үйіне басып кірген. Көзден жас ағызатын газды пайдаланған милиция наразылық шарасына қатысушыларды Бішкектің орталық алаңынан айдап шықты. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Урматбек Барыктабасовтың Қазақстан азаматы екенін айғақтайтын дәлелдер келтіре отырып, президенттіктен үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан болатын.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, рұқсатсыз шараға 7 мыңдай адам қатысты. Содан бері республиканың барлық күш құрылымдары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Үкімет үйінің алдындағы алаңды құқық қорғау органдарыынң қызметкерлері тәулік бойғы күзетке алды.