Сапар барысында Р.Майерс республика үкіметі мен әскери аппарат басшылығымен жүздесіп, екі ел арасындағы әскери қарым-қатынасты одан әрі нығайту, Қазақстан тарапынан Ирактағы операцияларды қолдауды одан әрі жалғастыру, Солтүстік Атлантикалық Альянспен арадағы ынтымақтастықты нығайту, қауіпсіздік саласындағы қосымша көмек бағдарламалары туралы талқылайды.
Сондай-ақ, Р.Майерс ҚР Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбековпен келіссөздер жүргізіп, ҚР қорғаныс министрлігінің штабында болады.