АҚШ штатында қара нәсілді адамдарға маска тақпауға рұқсат берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ штатында қара нәсілді адамдарға маска тақпауға рұқсат берілді

АҚШ штатында қара нәсілді адамдарға маска тақпауға рұқсат берілді

АҚШ Орегон штатының Линкольн округінде қара нәсілді адамдар үшін карантин шектеулерінің бірі - маска тағу міндет емес.

  • 26 Маусым 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтың белсенділері мен құқыққорғаушылары расистік көзқарас салдарынан маска таққан қара нәсілді адамдарды қылмыскер деп қабылдайды деген шағымнан кейін билік осындай шешім шығарды. Бұл округтің 90 пайызы ақ нәсілді адамдар екені атап өтілген. Қара нәсілді адамдарға маска тағу ыңғайсыз болса, оны тақпауға рұқсат етілді.

Дегенмен Линкольн округіндегі қалған тұрғындар үшін COVID-19 пандемиясының салдарынан қоғамдық орындарда, жабық ғимаратта және көшеде маска тағу міндет. Айтқандай, биліктің бұл шешімін тек қара нәсілді адамдар емес, латынамерикалықтар, мүгедектер, тыныс алуы қиын адамдар және 12 жасқа дейінгі балалар да орындамауына болады.

Телеарна таратқан ақпаратқа қарағанда, COVID-19 пандемиясы салдарынан қара нәсілді тұрғындардың арасында қайтыс болғандар 2,3 есе көп.


Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 2,47 миллионға жетті. 764 мың науқас аурудан айықты, 126 мың адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар