АҚШ табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Қазақстан аймақтарына 25 мың доллар бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Қазақстан аймақтарына 25 мың доллар бөлді

АҚШ табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Қазақстан аймақтарына 25 мың доллар бөлді

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей қол қойған табиғи зілзалалар туралы декларацияға сәйкес, Қызыл жарты ай қоғамына таяудағы қарлы бұрқасындар мен аяздан артықша зардап шеккен Қазақстан аймақтарына арнап киім-кешек, электр жылытқыш құралдар мен терезе изоляциясын сатып алуға 25 мың доллар бөлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы АҚШ елшілігінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2005
  • 475
Фото - Caravan.kz

Қызыл жарты ай қоғамының бағалауынша, қалың қар мен үскірік аяздан Жамбыл облысы тұрғындарының 60 проценті мен Қарағанды облысының Шахтинск қаласы тұрғындарының 70 проценті зардап шекті.

«Бөлінген қаржы табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендерге жедел көмек көрсету мақсатына жұмсалады. Қаржыны көмек құралдарын сатып алу үшін жергілікті билік, жеке меншік қайырымдылық ұйымдар мен Халықаралық даму агенттігінің миссиялары пайдалана алады»,- делінген елшіліктің түсініктемесінде.
АҚШ Мемлекеттік департаменті мен ЮСАИД ахуалды қадағалау жұмысын одан әрі жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша көмек беруге дайын, дейді елшіліктегілер.

Перейти к новостям спорта