Әр жерден тұтанған жалын лезде елдімекендерге дейін жетіп, ондаған үйлер түгі қалмай өртеніп кеткен. Жапа шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Өртті жерден де, аспаннан да сөндіріп жатқан құтқарушылардың жұмысына жел кедергі келтіруде. Қазірдің өзінде мамандар алты мың гектарға жуық орман алқаптарының өртеніп кеткенін хабарлап отыр. Қызыл жалын аумағын кеңейткен сайын көршілес Нью-Мексико және Аризона штаттарына да қауіп төнуде. Бұл аймақтарда орманға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындары алдын ала көшіріліп жатыр.