АҚШ үкіметі қаржыландыратын ұйымдар Қазақстан аумағында заң шеңберінде жұмыс істеуде - АҚШ елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ үкіметі қаржыландыратын ұйымдар Қазақстан аумағында заң шеңберінде жұмыс істеуде - АҚШ елшісі

АҚШ үкіметі қаржыландыратын ұйымдар Қазақстан аумағында заң шеңберінде жұмыс істеуде - АҚШ елшісі

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың бағдарламалары мен АҚШ үкіметі қаржыландыратын бағдарламалар "Қазақстан заңдарына сәйкес жүзеге асырылуда". Бүгін, 23-наурызда Алматыда өткен баспсөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2005
  • 513
Фото - Caravan.kz

Дж.Ордвей «тексерулер нәтижесінде прокуратура да осындай қорытындыға келеді» дегенге сенім білдірді. «Біз прокуратура бұл ұйымдардың ісіне араласпай-ақ тексерулерді тез арада бітіреді деп үміттенеміз»,- деді елші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың ҚР бас прокуратурасына жолдаған депутаттық сауалы бойынша ҚР бас прокуратурасы елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес 33 ұйымды кешенді тексеруге санкция берді. Тексеру аясына бас пәтері АҚШ-та орналасқан немесе осы елдегі көздерден қаржыландырылатын 28 үкіметтік емес ұйым ілігіп отыр. Олардың арасында АҚШ Қызыл крест қоғамы, АҚШ заңгерлері қауымдастығы, Сайлау жүйелері жөніндегі қор, Мэриленд штаты университеті, Халықаралық бейбітшілік корпусы, ПРАГМА корпорациясы, Соғыс және бейбітшілік туралы ақпарат институты сынды ұйымдар бар. Халықаралық ұйымдар арасынан прокуратура Халықаралық көші-қон ұйымын, БҰҰ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдігін тексермекші. Ал қазақстандық ұйымдар арасынан бұл тізімде Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігі, «Әділ сөз» қоры мен «Internews-Kazakhstan» бар.

Перейти к новостям спорта