АҚШ үкіметі ҚР денсаулық сақтау министрлігіне ВИЧ/СПИД індетін анықтауға арналған 4 бірдей жабдықтар кешенін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ үкіметі ҚР денсаулық сақтау министрлігіне ВИЧ/СПИД індетін анықтауға арналған 4 бірдей жабдықтар кешенін табыс етті

АҚШ үкіметі ҚР денсаулық сақтау министрлігіне ВИЧ/СПИД індетін анықтауға арналған 4 бірдей жабдықтар кешенін табыс етті

Бүгін, 16-қарашада Алматыда АҚШ үкіметінің атынан ҚР денсаулық сақтау министрлігіне ВИЧ/СПИД індетін анықтауға арналған 4 бірдей серологиялық зертханалық жабдықтар кешенін табыс ету рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2004
  • 755
Фото - Caravan.kz

Рәсім барысында Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Джон Ордвейдің атап көрсеткеніндей, «Америка Құрама Штаттары үшін ВИЧ/СПИД індетімен күрес — басымдық берілген мақсаттардың бірі». «Біз Қазақстан үкіметі жүзеге асырып жатқан жауап шараларды қолдаймыз». Сондай-ақ, Дж.Ордвейдің айтуынша, «АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (ЮСАИД), сондай-ақ, АҚШ-тың ауруларды бақылау және олардың алдын алу жөніндегі орталықтарының қолдауымен және техникалық көмегімен Қазақстан қазірдің өзінде ВИЧ індетінің таралуына қатысты бағалы ғылыми мәліметтер жинау бағытында ауқымды істер тындырып үлгерді».

АҚШ-тың ауруларды бақылау және олардың алдын алу жөніндегі орталықтарының (СиДиСи) Орталық Азиядағы аймақтық бағдарламасы ЮСАИД-тың қаржылық қолдауымен Қазақстанға төрт зертханаға арналған жабдықтар кешенін табыс етті. Олар қанға тиімді зертханалық талдау жасауға қажетті жабдықтармен жан-жақты қамтамасыз етілген. Зертхана жабдығының құны 80 мың долларды құрайды.
ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Анатолий Белоногтың айтуынша, жабдықтар Павлодар, Шымкент, Орал және Алматыдағы СПИД орталықтарына таратып беріледі.
2004-жылғы 1-қыркүйектегі жағдаймен Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 4481 адам, соның ішінде 440 балалар мен жасөспірімдер тіркелсе, 201 адам СПИД-ке шалдыққан.
Бүгінде 2001-2005-жылдарға арналған СПИД эпидемиясымен күрес жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 128 сенім және шприц алмастыру бөлімшесі, 39 достық кабинеті, жасырын тестілеуге арналған 207 кабинет, психоәлеуметтік ақыл-кеңес беру жөніндегі 221 кабинет жұмыс істейді. Барлық аймақтарда халықаралық ұйымдардың қолдауымен нашақорлықтың залал-зардабын азайту жобалары жүзеге асырылуда. ВИЧ/СПИД індетінің алдын алу мақсатында республикада 48 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта