АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президенті ҚР парламентінің мәжілісінде болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президенті ҚР парламентінің мәжілісінде болады

АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президенті ҚР парламентінің мәжілісінде болады

20-маусымда АҚШ Ұлттық демократиялық институтының (ҰДИ) президенті Кеннет Уоллок ҚР парламентінің мәжілісінде болады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Маусым 2003
  • 526
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кеннет Уоллок мырза ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездеседі.

Кеннет Уоллок Ұлттық демократиялық институтына 1986-жылы президенттің атқарушы орынбасары қызметіне орналасты. 1993-жылдың наурызында Институттың директорлар кеңесі оны президенттікке сайлады. Ұлттық демократиялық институтта жұмыс істеген мерзімде Кеннет Уоллок Шығыс және орталық Еуропа, бұрынғы Кеңестік Республикалар, Латын Америкасы, Таяу шығыс, Азия және Африка елдерін аралап шықты.
Баспасөз қызметі атап көрсеткеніндей, ҰДИ дүниежүзіндегі демократиялық процесстер ауқымын кеңейту және оны нығайтуды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады, штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан, дүниежүзінің барлық аймақтарында өкілдіктері бар.
Өз ықтиярымен көмектерін ұсынған сарапшыларды жұмысқа тарту арқылы ҰДИ қоғамдағы демократиялық процесстерді дамытуға атсалысушы қоғамдық және саяси ұйымдар мен оның басшыларына іс жүзінде қолдау көрсетеді. ҰДИ дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі демократиялық күш-қозғалыстарға қолұшын береді.
ҰДИ іс-қызметінің басты бағыттары — қоғамдық және саяси ұйымдарды құруға жәрдемдесу, сайлауларда бақылаушылық жасау, адамдардың азаматтық белсенділігін арттыру , заң-құқықтық билік пен жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің ашықтығын қадағалау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар