АҚШ және Ұлыбритания Қазақстанға радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған арнайы автомобильдерді берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ және Ұлыбритания Қазақстанға радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған арнайы автомобильдерді берді

АҚШ және Ұлыбритания Қазақстанға радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған арнайы автомобильдерді берді

Алматыда жұмада Ядролық физика институтының базасында қазақстандық кәсіпорындарға және ұйымдарға радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған арнайы автомобильдерді беру рәсімі өтті,

  • 4 Қазан 2014
  • 813
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады Қазақстандағы АҚШ елшілігінен.

Бұл жоба АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерінің қауіпті ғаламдық азайту бағдарламасы аясында орындалды, делінген жұмада баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.

АҚШ энергетика министрлігі ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі арқылы Ұлыбритания берген қаржы есебінен қауіпсіз тасымалдауға арналған көліктерді алу мүмкіндігі туды, делінген хабарламада.

"Біздің осы жердегі, Алматыдағы және Қазақстанның бүкіл аумағындағы әріптестігіміз жиырма жылдан бергі радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ортақ ниетімізді білдіріп отыр, аталмыш көліктердің пайдаланылуы ядролық қауіпсіздік үшін басшылығы қыруар шаруа атқарған Қазақстанның радиологиялық қорғалуы деңгейін арттыра түспек", деді аталмыш әкімшілік басшысының орынбасары Энн Харрингтон көліктерді табыс ету рәсімі кезінде.