АҚШ Жоғарғы соты Қазақстанның сот жүйесін жетілдіруді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Жоғарғы соты Қазақстанның сот жүйесін жетілдіруді қолдайды

АҚШ Жоғарғы соты Қазақстанның сот жүйесін жетілдіруді қолдайды

АҚШ Жоғарғы сотының шақыруымен Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Вашингтон қаласына сапар жасап қайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қараша 2004
  • 1551
Фото - Caravan.kz

АҚШ Жоғарғы сотының судьясы Сандра ОКоннормен кездесу барысында Қ.Мәми сот реформасы — республика тәуелсіздікке ие болған сәттен бастап жүзеге асырыла бастаған кең көлемді демократиялық өзгерістердің маңызды әрі ажырамас құрамдас бөлігі екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бүгінде сот жүйесі АҚШ пен басқа да жоғары деңгейде дамыған елдердің әділеттілік талаптарына сай келеді. Бұған соңғы жылдарда тұрғындардың Қазақстан соттарына деген сенімінің біршама артуы дәлел.

АҚШ жоғарғы сот мекемесінің көнекөз мүшелерінің бірі болып табылатын Сандра ОКоннор Қазақстандағы құқықтық реформалардың табысына қолдау білдіре отырып, оны одан әрі тереңдетудің маңызын атап өтті. Оның пікірінше, осы орайда «АҚШ заңгерлер қауымдастығының Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі заңгерлік бастама» секілді үкіметтік емес ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың маңызы зор. Бұл ұйым «Институционалдық реформа және көлеңкелі сектор» қорымен бірге Қазақстанда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол соттардың тәуелсіздігін нығайту және кәсіби біліктілігін арттыру ісіне қолғабыс жасауда.
Вашингтон сапары барысында Қ.Мәми сонымен бірге АҚШ өкілдер палатасының мүшесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Элси Хастингспен кездесті. ҚР Жоғарғы сотының төрағасы өз сұхбаттасына түрлі сатылы қазақстандық соттар соңғы уақытта азаматтар мен ұйымдардың жуырда өткен парламент сайлауына қатысты арыз-шағымдарын жедел қарау арқылы құқықтық мемлекет құруға атсалысып отырғанын хабарлады. Конгрессмен Э.Хастингстің мәлімдеуінше, Қазақстан Орталық Азиядағы саяси, экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру жағынан алға жан салмай келе жатқан ел , сол себепті АҚШ Конгрессі құқықтық салада республикамен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудан мүдделі.
Ал Ақ үйде Қ.Мәми АҚШ президентінің арнаулы көмекшісі — АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Еуропа және Еуразия жөніндегі аға директоры Дэниел Фридпен кездесті. Президенттің көмекшісі Қазақстанды АҚШ дос әрі әріптес ретінде санайтынын, заңның үстемдігіне бастап басқа да кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі екенін мәлімдеді.
Тараптардың ортақ пікіріне сәйкес, АҚШ-тағы жалпыұлттық сайлау мен Қазақстандағы парламент сайлауынан кейін жүзеге асырылған Қазақстан Жоғарғы сот төрағасының тарихтағы тұңғыш АҚШ сапары маңызды әрі уақытын тапқан сапар болып, Қазақстандағы құқықтық реформаларды одан әрі тереңдету бағытындағы басты ықпалдастық жолдарын анықтап алуға мүмкіндік берді.

Перейти к новостям спорта