Бұл жолы Дина Төреәлі Астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде, ішімдік ішіп, жартылай жалаңаш суретін салған әрекетімен елге жақпай қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі жас босанса да, бір айлық ұлымен елордадағы қымбат мейрамханада демалуды жөн көріпті.
"Ұлымыздың 1 ай толғанын кішігірім демалыс ұйымдастырып атап өттік. 25.12.23", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары жас ананың бұл әрекетін құптамаған. Олар:
"Фариза осындай понттардың бәрі әдемі, қандай да бір бөспесіз, жай ғана беріледі. Бірақ, мына мадам…дәм болсын, елдің көзіне түсіп қалсам болды дейді…Сондықтан Фариза өзінің қарапайымдылығымен сүйкімді көрінеді, күйеуі де дәл сондай. Қарапайым әрі ақылды, тәрбиелі, Ерманбидің әкесі де тура әйеліне ұқсаған біреу", "Дина, қоя салшы болды, шұбырып кеттің ғой", "Ерсі, қуып бара жатырсыңдар", "Фариза әпкесі не істейді соны істейді бұл қыз да" "Эххх, ақшаң болса қалтаңда талтаңда да талтаңда" деп жаппай сынады көпшілік.