Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды

Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды

Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жезөкшелік притонын және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырушыларды құрықтады.

  • 18 Қазан 2023
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасағының   қызметкерлерімен жезөкшелік притонын және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырғаны үшін  Тараз қаласындағы сауналардың бірінің 39 және 54 жастағы әкімшілері қамаққа алынды.

Әйелдердің сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздар мен саунаға келушілер арасында делдалдық жасағаны анықталды.

Жедел уәкілдермен тінту барысында 197 мың теңге көлемінде ақша, клиенттерді қабылдау журналы, ұялы телефондар, сондай-ақ әкімші бөлмесінен жалпы салмағы 5,20 грамм гашиш есірткі заты және контрацепция құралдары тәркіленді. Сонымен қатар интимдік қызмет көрсететін 6 қыз ұсталды.  

Мекеменің иесі де анықталды. Оған және екі әкімшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің  309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысу мақсатында үй-жай ұсынғаны үшін сауна иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы жылдың басынан бері Жамбыл облысы аумағында интимдік қызмет көрсететін 3 притон анықталып, жабылды. Қазіргі таңда барлық деректер бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.