Сондай-ақ, маман табысыңыздың еселенуіне көмектесетін ырымдармен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
1. Сыпырғыны тіке тұрғызып қоюға болмайды. Жатқызу керек.
⠀
2. Сыпырғы немесе қоқыс алғыш құлап кетсе, ақшаның көп болғанын тілеу керек. Содан кейін барып құлаған заттарды көтересіз.
⠀
3. Қараңғы түскенде еден жуып, қоқыстарды далаға шығаруға болмайды.
⠀
4. Кешке қарызды сұрамаңыз жəне бермеңіз. Қолайлы — таңғы уақыт.
⠀
5. Садақа көбірек беріңіз. Ол екі дүниеде де жақсы. Ал жолда жүріп, алдыңды бөгейтін тілемшілерге қағаз ақша емес, тиын тастаған дұрыс.
⠀
6. Ақшам жоқ жетпейді т.с.с. шағымдана бермеңіз.
⠀
7. Əмияныңыз бос тұрмасын, кедейлікті шақырады.
⠀
8. Үйіңізге адасып кеп қалған ит-мысық ризық несібені ала кіреді.
⠀
9. Шашыңызды өзіңіз қысқартпаңыз. Келе жатқан несібенің жолын кесесіз.
⠀
10. Жерде жатқан майда тыйындарға мəн беріп, оларды алу — бұрыс əдет. Ірі ақша сол көлемдегі ақшаны өзіне тартады.
⠀
11. Үйде ысқыруға болмайды. Береке қашады.
⠀