Ақша талап еткені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - Өскемен - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша талап еткені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - Өскемен

Ақша талап еткені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - Өскемен

Өскемен қаласында 1964 жылы туған азаматшадан алматылық азамат 7 000 АҚШ доллар талап етіпті.

  • 31 Қазан 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер департаментінің қызметкерлерінің ұйымдастырған шарасы барысында Михаэлиса көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында жәбірленушіден 80 мың теңгені алып жатқан жерінде күдікті қамауға алынды.

Қолға түскен қарақшының еш жерде жұмыс істемейтіні, 2002 жылы бұзақылық жасағаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталғаны анықталды. Берілген уақыт ішінде бұзақы 2 жыл өтпей жатып қарақшылық жасағаны үшін түзету мекемесіне тоғытылған. Темір тордың ар жағында 5 жылын өткізген ол «Шығыстағы» шаруа жетекшісінің шырқын алып, уақытша ұстау изоляторына тағы да қамалған.
Бұлтартпас айғақтармен ұсталған 26 жастағы азаматқа қатысты қорқытып ақша алушылық дерегі бойынша, яғни ҚР ҚК 181 бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп немесе 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.