«Ақша тіккен шығар»: Спорт министрі жиналыс кезінде телефонмен футбол көрді (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақша тіккен шығар»: Спорт министрі жиналыс кезінде телефонмен футбол көрді (Видео)

«Ақша тіккен шығар»: Спорт министрі жиналыс кезінде телефонмен футбол көрді (Видео)

Айналасында болып жатқан мәселеге мән берместен, смартфон арқылы  футбол ойынын тамашалағын министрдің әрекеті көпшіліктің таңдасыны туғызды.

  • 12 Желтоқсан 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz

Татарстанның спорт министрі Халықаралық спорт байланысын дамыту стратегиясы жайлы мәселе талқыға салынып жатқан сәтте қалта телефонға шұқшиып, футбол қарап отырғаны видеоға түсіп қалған.

Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Маңызды жиналыс  болған уақытта Чемпилндар лигасы арасында өткен ойында Германияның "Лейпцигі" мен Францияның "Лион" деп аталтын футбол командалары  бір-бірімен жарысқан. Дәл сол  кездеТатарстанның спорт министрі Владимир Леонов жиналыста көтеріліп жатқан мәселерден  алшақтап, ойын бөліп, футбол тамашалауды жөн көрген сыңайлы. Ал, ол аяқ допшылардың ойынына тамсанып отырғанда, Ресейдің спорт министрі Павел Колобков сөз сөйлеп тұрған. Бірақ, мұны елеген ол жоқ.

Министрдің тосын әрекеті жайлы видеоны біршама адам қарап үлгерген.


Лауазымды тұлғаның бұл әрекетін youtube-тан көрген интернет қолданушылары "Қайта жөзөкшелерді жалдамапты", "Ойынға бәс (ақша) тіккен шығар,сондықтан бақылап отырған болуы мүмкін", "Сөйлеспей-ақ жұмыстан қуу керек", — деген пікірлер қалдырыпты.

Соңғы жаңалықтар