Caravan Logo

Ақша үнемдемек болған туыстары қарияның мәйітін Израильге қарапайым жүкпен жөнелткен

Ақша үнемдемек болған туыстары қарияның мәйітін Израильге қарапайым жүкпен жөнелткен


Марқұмның мүрдесі салынған контейнерде оның жеке куәлігі немесе өзге де құжаттар болмады. Әуежай қызметкерлері оның кім екенін анықтау үшін біраз уақыт жұмсады.

Ақырында Ресейде қаза тапқан 79 жастағы Естер Зизованы туыстарының  Ашдоде зиратына жерлеу үшін Израильге жеткізбек болғаны анықталды. Ал оның жанұясы мәйітті тасымалдау үшін тиісті құжаттар керек екенін білмеген. Кейуана 18 қазанда бақилық болған.