Бұл туралы брифинг барысында БАҚ өкілдеріне Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымxан Сенғазыев мәлім етті, деп жазады islam.kz.
«Халықпен кері байланыс орнату үшін Facebook әлеуметтік желісінде «Астаналық білім беру #bilimastana тобы және Астана қаласы білім басқармасы жетекшісінің парақшасы ашылған. Сонымен қатар Астана қаласы білім басқармасының «жедел желісі» қызмет көрсетеді. Телефон нөмірлері: 55-01-62, 8-778-255-01-62. Сондай-ақ, 8-778-255-01-62 нөміріне Whatsapp арқылы xабарлама жіберуге болады. Сонымен қатар, СМС xабарлама жүйесі де іске қосылған. Оны 8-701-588-99-66 нөміріне жіберуге болады», — деп атап өтті басқарма басшысы.
Оның сөзінше, жедел желі 21 маусымнан бері жұмыс жасауда. 4 ай ішінде 560 шағым түссе, оны 85-і мектептерде заңсыз ақша жинауға байланысты болып отыр.
Басқарма басшысының айтуынша, Астананың бірқатар мектептерінде турникеттерге жарна жиналуда. Ол ақша балалардың мектептен кіріп-шығуын қадағалау үшін, ата-аналарға смс-xабарламалар жіберу үшін алынады.
«500 теңге көлеміндегі аталмыш жарна ұялы байланыс операторларына төленеді. Ата-аналар балаларын мектепке қай уақытта кіргенін, қай уақытта шыққанын біліп отырғысы келсе, аталмыш жарнаны төлейді. Дегенмен, оны міндетті түрде төлеуі тиіс деген талап жоқ», — деді Қ. Сенғазыев.