Жарияланды: 510

Ақшасын доллармен сақтаған Қазақстан азаматтары 2003-жыл қорытындысы бойынша теріс кірістілік алды- Ұлттық банк

Ақшасын доллар түрінде сақтаған немесе оны доллармен өздері сақтауды жөн көрген Қазақстан азаматтары 2003-жыл қорытындысы бойынша тиісінше жылдық минус 1,2 және 8 проценттік теріс кірістілік алды. Бұл туралы бүгін, 27-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

Ұлттық банк есептері бойынша, евпомен салынған мерзімді банк депозиттері бойынша ең жоғары, жылдық 18,6 проценттік, ал теңге депозиттері бойынша 11 проценттік номиналды кіріске ие болды. Алайда Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалдың айрықша құбылмалы екенін және 2003-жылғы евромен салынған депозиттердей бағам айырмашылығы есебінен түзілетін кіріске сенім арту ұдайы ақтала бермейтіндігін ескертеді. Осыған байланысты Ұлттық банк салымшыларға негізінен ақшаны (жартысынан астамын) теңгелік депозиттерде сақтау, ал қалған бөлігін қалауы бойынша доллар, евро, стерлинг фунты тәрізді тұрақты валютамен сақтау жөнінде нұсқау береді. "Ақшаны АҚШ доллары түрінде "шұлықта" сақтау - шығынды операция, ал теңгелік депозиттер ашу - қаржыны тиімді жұмсауға мысал бола алады",- деді Ә.Сәйденов. Қаржы секторының тұрақты дамуы және халықтың нақты табысының көбеюі жағдайында халық салымдарының мөлшері арту ағымы одан әрі жалғасын тапты. 2003-жылы халықтың депозиттік салымдар мөлшері 33,4 процентке өсіп, 343,2 млрд. теңгеге (шамамен 2,4 млрд. АҚШ доллары) жетті. Халықтың салымдары құрылымындағы теңгелік депозиттер 90,6 процентке, ал шетел валютасымен салынған депозиттер 13 процентке өсті. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмағы 26,2%-тен 37,5%-ке дейін өсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін