2023 жылы АҚШ-қа B1/B2 санатындағы иммиграциялық емес виза беруде бас тарту ресми статистикасы жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталыTengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мәліметінше, қазақстандықтарға туристік виза беру көрсеткіші бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 2,09 пайызға жақсарған. 2020 жылы Қазақстаннан В1/В2 визаларына берілген өтініштердің 44,82 пайызы қанағаттандырылмаған еді, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 41,93 пайыз болды. Бір қызығы 2006 жылы өтінішті қанағаттандырмау пайызы небәрі 12,5 пайыз болған екен.
Рұқсат бермеу көрсеткіші елдегі В санаты бойынша визаға өтініш бергендер саны бойынша есептеледі.
2023 жылы Орталық Азия елдері арасында рұқсат бермей деңгейі мынадай:
Уровень отказов среди стран Центральной Азии в 2023 году был следующим:
- Өзбекстан — 59,56 пайыз;
- Тәжікстан — 54,96 пайыз;
- Түрікменстан — 51,10 пайыз;
- Қазақстан — 41,93 пайыз;
- Қырғызстан — 41,54 пайыз.
Мына елдердің азаматтарына визаға көп рұқсат берілмеген:
- Микронезия федератив штаттары, Палау және Солтүстік Корея — 100 пайыз;
- Либерия — 78,19 пайыз;
- Лаос — 72,79 пайыз;
- Руанда — 71 процент;
- Сомали — 69,89 пайыз;
- Джибути — 68,37 пайыз;Никарагуа —
- 65,6 пайыз.
Азаматтары бас тартудың ең аз пайызын алған елдер:
- Катар — 2,53 пайыз;
- Уругвай — 3,21 пайыз;
- Израиль — 3,3 пайыз;
- Кувейт — 3,96 пайыз;
- Люксембург — 4,22 пайыз;
- Соломон Аралдары — 4,35 пайыз;
- Малайзия — 4,43 пайыз;
- Кипр — 4,48 пайыз;
- Исландия — 4,54 пайыз.