АҚШ-та 4 бала мас ана жүргізіп келе жатқан көліктен секіре қашқан - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та 4 бала мас ана жүргізіп келе жатқан көліктен секіре қашқан

АҚШ-та 4 бала мас ана жүргізіп келе жатқан көліктен секіре қашқан

 АҚШ-та 4 бала (11 жастағы екі қыз бала мен екі ұл) солардың бірінің анасы мас күйінде басқарып келе жатқан көліктен секіріп түскен.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Daily Mail хабарлағандай, көлік бағанаға соғылып, шынысы шағылған соң олар осындай әрекетке барған. Балалар жапа шекпеген.

Оқиға Флорида штатының Гейнсвилль елді мекенінде орын алған. Балалар демалыс күндерінде достарының анасының қарауында болған. Кейін әйел өзін жағымсыз жағынан көрсете бастаған. Көліктен секірген балалар қоғамдық тамақтану орнына барып, сол жерде мейрамханаға келушілердің бірі полиция шақыртыпты.

Тінту барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушінің отыратын орнының астыңғы жағында  марихуана мен оны шегуге арналған жабдықты тапқан.  

Полиция ақпаратынша, ұсталған 45 жастағы Анджела Вудворт оқиға орын алмас бұрын екі саптыаяқ сыра және өзге алкогольді ішімдік ішкен. Әйелге бірнеше бөлім (есірткі сақтау, аз көлемде марихуана сақтау, балаларға қатысты міндетті орындамаудың төрт фактісі) бойынша айып тағылды. Оның баласы туыстарына тапсырылды, қалған үшеуі үйлеріне жеткізілді.