АҚШ-та Ә. Нұрпейісовтің ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та Ә. Нұрпейісовтің ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсауы кесілді

АҚШ-та Ә. Нұрпейісовтің ағылшын тіліндегі кітаптарының тұсауы кесілді

Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің және Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен танымал жазушы, классик және қазақстандық әрі кеңестік әдебиеттің өкілі Әбдіжамал Нұрпейісов туындыларының тұсаукесері өтті.

  • 25 Мамыр 2013
  • 1708
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның және АҚШ тұрғындарының, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің назарына жазушының «Қан мен тер», «Соңғы парыз» шығармалары ағылшын тілінде ұсынылды. Оларды Кэтрин Фитцпатрик аударған.

Ә. Нұрпейісов шараға қатысушыларға өзінің шығармашылығынан және естеліктерінен сыр шертті.