Жарияланды: 7100

АҚШ-та "Азаттық радиосы/Азат Еуропа" радиостанциясына уақытшы басшы тағайындалды

АҚШ-тың шетелдік хабар тарату бойынша басқарма кеңесі Американың «Азаттық радиосы/ Азат Еуропа» радиостанциясына жаңа басшы тағайындады, деп бүгін ведомствоның ресми сайтында мәлімделген.

Президенттің міндетін атқарушы қызметіне бұған дейін АҚШ Ұлттық қоғамдық радиосын басқарған әйгілі журналист Кевин Клоуз тағайындалды. Басқарушылар кеңесінің шешіміне сәйкес, ол радиостанцияны 2013 жылдың 26 қаңтарынан бастап бір жыл бойы басқарады. К.Клоуз бұл қызметке желтоқсанның соңында жұмыстан босатылған Стивен Корнның орнына келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін