АҚШ-та бен Ладенді жою туралы фильм прокатқа шығады
АҚШ-та Әл-Каиданың басшысы Усама бен Ладенді жою туралы фильм прокатқа шығады. |
Американдық көрермендер шынайы оқиғалар негізінде түсірілген Кэтрин Бигелоудың «Нысана нөмір бір» атты картинасын көреді, деп хабарлады Утро. ру.
Бюджеті 40 млн. долларды құраған фильмнің премьерасы бірнеше кинотеатрда ғана көрсетіледі. Жаппай прокатқа 2013 жылдың қаңтар айында шығады. «Нысана нөмір бір» фильмі үлкен экранға шықпас бұрын сыншылар және «Алтын глобус» шетелдік голливудтық баспасөз қауымдастығының сыйлықтарына үміткерлердің ең үздік бестігіне кірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін