Құмды бораннан штаттағы бірнеше күре жолдарда көлік қозғалысы қиындаған. Таяқ тастам жер көрінбейтін дауылдан жергілікті әуежай да жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болыпты. Зардап шеккендер немесе зақымданған ғимараттар жайлы әзірге ақпарат жоқ. Ал алай-дүлей дауыл 45 минутта өте шыққан. Жалпы биыл Аризона штатында құрғақшылық болғандықтан мұндай құбылыс жиі орын алуда.