АҚШ-та дауыл құрбандарының саны 72 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та дауыл құрбандарының саны 72 адамға жетті

АҚШ-та дауыл құрбандарының саны 72 адамға жетті

АҚШ-тың шығыс жағалауында сейсенбі күні басталған «Сэнди» дауылынан құрбан болғандар саны 72 адамға жетті, деп бүгін АР агенттігі мәлімдеді.

  • 1 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін 64 адам қайтыс болғаны мәлімделген болатын. Құрбандар саны артуы мүмкін.

Дауылдан әсіресе Нью-Йорк штаты, Мэриленд және Нью-Джерси штаттары зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, Нью-Йорк қаласында 22 адам, ал осы аттас штатта сегіз адам қайтыс болды. Мэрилендте тоғыз адам, Нью-Джерсиде алты адам қайтыс болды. АҚШ Президенті Барак Обама өзінің сайлауалды науқаны шараларын тоқтатып, елдің кқбірек зардап шеккен аудандарын аралауда.
Ол алдыңғы кезекте дауылдан үзілген электр желілерін қалпына келтіру керектігін тапсырды.
Елде 8 млн жуық құрылыс нысаны электр жарығынсыз қалған.

Соңғы жаңалықтар