АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелді

АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелді

АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелді, деп америкалық Си-эн-эн телеарнасы елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме келтірді.

  • 15 Қазан 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Эболадан қайтыс болған Томас Дунканды емдеуге қатысқан Техас штатының қызметкері туралы сөз болып отыр.

Сейсенбі күні дәрігер қызуы көтерілгенін айтқан. Содан кейін ол дереу оқшауланды.

Соңғы уақытта науқаспен қатынаста болған аурухана қызметкерлерінің барлығы таяуда тексеріледі.

Осы апта басында АҚШ Денсаулық министрлігі Эбола жұқтыруға қатысты алғашқы жағдайдың тіркелгенін растаған болатын. Ол кезде Т.Дунканды емдеуге қатысқан медбике туралы айтылған. Т.Дунканнан Либериядан АҚШ-қа келгеннен кейін вирус анықталған.