Caravan Logo

АҚШ-та Intel зауытында жарылыс болды: 7 адам зардап шекті

АҚШ-та Intel зауытында жарылыс болды: 7 адам зардап шекті

Келеңсіз жағдай микрочип шығаратын зауытта болған. Кәсіпорынның зардап шеккен корпусынан бірнеше жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шегушілер негізінен жарықшақтармен жараланған. Біраз жұмысшыға «мидың шайқалуы» диагнозы қойылып отыр.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Intel компаниясының басшылығы болған оқиғаға әзірге ешқандай түсіндірме берген жоқ.