АҚШ-та коронавирусты анықтауға арналған жаңа тест мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та коронавирусты анықтауға арналған жаңа тест мақұлданды

АҚШ-та коронавирусты анықтауға арналған жаңа тест мақұлданды

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Йель университетінде жасалған жаңа коронавирус сынағын қолдануға рұқсат берді.

  • 17 Тамыз 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

SalivaDirect — сілекей негізіндегі тест. Ол мұрын-жұтқыншақ қуысынан немесе биологиялық материалды алу үшін арнайы құрылғыны қажет етпейді дейді мамандар.

FDA басшысы Стивен Хан тестті тиімділігі бойынша "революциялық" деп атады және ол маңызды компоненттердің жетіспеушілігіне ұшырамайды екен.

Агенттіктің хабарлауынша, жаңа тест арзан әрі қарапайым, ол нуклеин қышқылын алуды қажет етпейді және тест жүргізу үшін оңай қолжетімді реактивтер ғана қажет.

"Біз тестті жеңілдеттік, оған қажет реагенттер бірнеше доллар тұрады және клиникалық зертханаларда бұл процедура шамамен 10 доллар (4 183 теңге) болады деп болжаймыз,
— деді Йель университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Натан Грабо.