АҚШ-та Наурыз мейрамына арналған ТҮРКСОЙ концерті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та Наурыз мейрамына арналған ТҮРКСОЙ концерті өтті

АҚШ-та Наурыз мейрамына арналған ТҮРКСОЙ концерті өтті

Вашингтонның тарихи театрларының бірі - Линкольн театрында 28 наурызда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті.

  • 31 Наурыз 2011
  • 570
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі хабарлады.

ТҮРКСОЙ Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ұйытқы болған бұл шараға Наурыз тойын тойлайтын елдердің елшіліктері, сондай-ақ US Turkic Network сияқты қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетті. Еуразияның түркітілдес халықтарының мәдениет паш еткен концертке Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия елдері мен Башқұртстан, Хакасия, Тува, Қырым-татар және Гагауз автономияларының әртістері қатысты.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов табиғаттың оянуын, жаңаруын бейнелейтін Наурыз мейрамының маңызын атап көрсетті.

ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен мұндай концерттер БҰҰ Бас Ассамблеясының ғимаратында, Нью-Йорктегі «Таун Холлда» да өтті.

Перейти к новостям спорта