АҚШ-та өлтірілген қазақстандық Денякиннің туыстары Портсмут полициясынан $22 млн өндіріп алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та өлтірілген қазақстандық Денякиннің туыстары Портсмут полициясынан $22 млн өндіріп алмақшы

АҚШ-та өлтірілген қазақстандық Денякиннің туыстары Портсмут полициясынан $22 млн өндіріп алмақшы

Американдық полицейдің қолынан қаза тапқан қазақстандық Кирил Денякиннің отбасы Портсмут полициясынан $22 млн өндіріп алмақшы, деп адвокаттық Bennett and Zydron кеңсесі хабарлады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Денякиндер отбасының өкілі Калтон Беннет $22 млн сомадағы талап қойылып отырғанын айтады. Бұл ретте моральдық шығын $15 млн, ал материалдық шығын $7 млн деп бағаланды, деп адвокаттық «Bennett and Zydron» кеңсесінің сайты мәлім етті.

Шағымда көрсетілгендей, сот залында адвокаттар «К. Денякиннің өліміне әкелген полицей әрекеті әдейі жасалған сипатта болып, зардап шегушінің құқығын бұзды», деп дәлелдемекші.

Сот ісі алқа билерінің қатысуымен өтеді.

Бұрын хабарланғандай, американдық полицей Стивен Рэнкин (Stephen D. Rankin) қарусыз К. Денякинді 23 сәуір күні түнде атып өлтірген. 25 жасар қазақстандықтың көршілері шатасып, оны ұры ретінде қабыл алып, полицейді шақыртқан. Оқиға орнына Рэнкин келіп, К. Денякинмен аулада кезіккен.

Полицияның версиясы бойынша, К. Денякин офицер бұйрығына бағымбай, қолын беліне қойып, полицейге қарсы жүрген. Полицей кері шегініп бара жатып, атып жіберген. Сарапшылар қорытындысы бойынша, «К. Денякиннің қанының құрамындағы алкоголь мөлшері 0,28 болған. Ол көлік жүргізуге рұқсат етілетін мөлшерден үш есе артық болған».

Вирджиния штатының полициясы қару қолданысының заңдылығын тексеруде. Портсмут полициясы офицер Рэнкин полиция департментінің ережелерін бұзған-бұзбағанын ішкі тексеріске салып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, полицейдің мінезі агрессивті екен.

К. Денякин АҚШ-та аспазшы болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар