Аймақтағы 2 округтің аумағында табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша, Лоуэр Лейк қалашығында от 200 ғимаратты күлге айналдырған. Бірнеше жүздеген тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілді. Абырой болғанда, өрт салдарынан қаза тапқандар жоқ. Тек 2 адамды күйік шалған. Мамандардың мәлімдеуінше, штатта көп жылдан бері құрғақшылық орнаған. Оның үстіне, температура бағаны 40 градустан асып, күшті жел соғуда. Осының бәрі оттың тез таралуына себеп.