Жарияланды: 600

АҚШ-та «Оскар» номинанттары аталды

АҚШ-та «Оскар» номинанттары аталды

Лос-Анджелесте 10 қаңтар күні «Оскар» киносыйлығына номинанттар аталды.

Ең көп аталым бойынша «Оскарға» Стивен Спилбергтің «Линкольн» (12 аталым) және Энг Лидің «Пи өмірі» (11) картинасы ұсынылып отыр. Аталған екі лентадан бөлек «Ең үздік фильм» номинациясына Михаэль Ханектің «Махаббат», Бен Аффлектің «Арго операциясы», Том Хупердің «Шеттетілгендер», Квентин Тарантиноның «Босатылған Джанго», Дэвид О. Расселлдің «Менің жігітім - есуас», Кэтрин Бигелоудың «Нысана нөмір бір» және Бен Зайтлиннің «Жабайы оңтүстіктің жануарлары» фильмдері ұсынылды. Режиссерлік номинация үшін Ханеке, Зайтлин, Ли, Спилберг және Рассел таласатын болады. Ең үздік әйел рөлі аталымында сыйлықты «Нысана нөмір бір» картинасындағы рөлі үшін Джессика Честейн, Квенжане Уоллис («Жабайы оңтүстіктің жануарлары»), Наоми Уоттс ("Мүмкін еместік"), Дженнифер Лоуренс («Менің жігітім - есуас») және Эмммануэль Рива ("Махаббат") алуы мүмкін. Басылымның жазуынша, Уоллис басты рөл үшін жүлдеге ұсынылған ең жас актриса болып табылады, ол небәрі 9 жаста. Ерлер арасындағы осындай аталымда үздік үшін бақталасқа Брэдли Купер («Менің жігітім - есуас»), Дэниел Дэй-Льюис ("Линкольн"), Хью Джекман («Шеттетілгендер»), Хоакин Феникс ("Шебер") және Дензел Вашингтон ("Экипаж") түседі. Екінші пландағы ең үздік ер адам рөлі номинациясына Кристоф Вальц («Босатылған Джанго»), Роберт де Ниро («Менің жігітім - есуас»), Алан Аркин ("Арго операциясы'"), Томми Ли Джонс ("Линкольн") және Филипп Сеймур Хоффман ("Шебер") ұсынылып отыр. Әйел рөлі үшін - Салли Филд ("Линкольн"), Энн Хэтэуэй («Шеттетілгендер»), Хелен Хант ("Суррогат"), Джеки Уивер («Менің жігітім - есуас») және Эми Адамс ("Шебер") таласады. Толықметражды мультфильмдер санатында «Батыл жүрек» (режиссерлар Марк Эндрюс және Бренда Чепман) "Франкенвинни" (Тим Бертон), "Паранорман, немесе Зомбиді қалай үйретуге болады" (Сэм Фелл және Крис Батлер), "Пираттар! Бейбақтардың бандасы" (Питер Лорд) және "Ральф" (Рич Мур) ұсынылған. Американдық киноакадемияның 85-інші сыйлығын тапсыру салтанаты 24 ақпан күні Лос-Анджелесте өтеді. Жүргізушілер - "Гриффины" мультсериалының авторы Сет Макфарлейн және актриса Эмма Стоун. Объявлены номинанты на кинопремию "Оскар" Девять игровых полнометражных фильмов стали претендентами на премию "Оскар" в номинации "лучший фильм", объявили в четверг на церемонии оглашения номинантов актеры Сет Макфарлейн и Эмма Стоун. В номинации "лучший фильм" представлены картины "Звери дикого юга" Бена Зайтлина, "Мой парень псих" Дэвида Рассела, "Джанго освобожденный" Квентина Тарантино, "Линкольн" Стивена Спилберга, "Отверженные" Тома Хупера, "Жизнь Пи" Энга Ли, "Цель номер один" Кэтрин Бигелоу, "Операция "Арго" Бена Аффлека и "Любовь" Михаэля Ханеке. На звание лучшего режиссера будут претендовать Энг Ли, Михаэль Ханеке, Дэвид Рассел, Стивен Спилберг и Бен Зайтлин. Претендентами на звание лучшего актера стали Джоакин Феникс ("Мастер"), Дензел Вашингтон ("Экипаж"), Дэниел Дей Льюис ("Линкольн"). Лучшая актриса будет выбрана из номинанток: Эмманюэль Рива ("Любовь"), Дженнифер Лоуренс ("Мой парень псих"), Квензане Уоллис ("Звери дикого юга"), Джессика Честен ("Цель номер один") и Наоми Уоттс ("Невозможное"). К.Уоллес стала самой молодой номинанткой - ей девять лет, Э. Рива - самой старой, ей 85 лет. Фильм М.Ханеке "Любовь", обладатель "Золотой пальмовой ветви" Каннского фестиваля, также представлен в номинации "лучший фильм на иностранном языке". Кроме него в этой номинации - "Кон-Тики" (Норвегия), "Нет" (Чили), "Мятеж" (Канада) и "Королевская свадьба" (Дания). Лидером по количеству номинаций - двенадцать - стала лента С. Спилберга "Линкольн". Фильм претендует на победу в категориях "лучший актер в главной роли" (Дэниэл Дэй Льюис), "лучший актер второго плана" (Томми Ли Джонс), "лучшая актриса второго плана" (Сэлли Филд), "лучший оператор", "лучший художник по костюмам", "лучший режиссер", "лучший редактор", "лучшая музыка", "лучший художник", "лучший звукорежиссер", "лучший адаптированный сценарий". Одиннадцать номинаций у картины Энга Ли "Жизнь Пи", по восемь - у фильмов "Отверженные" и "Мой парень псих". Семь номинаций у картины "Операция "Арго", по пять - у "Джанго освобожденного" и "Любви". Лауреаты премии "Оскар" станут известны 25 февраля.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін